Отбасы банк сұранысқа ие ипотекалық бағдарламалардың бірі – “Наурызды” қайта іске қосты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шілде айында бағдарлама бойынша несие беру тоқтатылған еді.

Банк Қазақстан қор биржасында (KASE) 150 млрд теңге тартқанын және несие беруді қайта бастағанын мәлімдеді.

Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна – кемінде 20%, қарыздың ең жоғары сомасы Астана мен Алматыда – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,6%-дан 13%-ға дейін. Несиені өтеу мерзімі – 19 жылға дейін.

«Наурыз» бағдарламаларының шарттары:

  • алғашқы жарна: таза әрлеудегі тұрғын үй сатып алу кезінде 10%-дан және әрленбеген немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй сатып алу кезінде 20%-дан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13% дейін);
  • несие мерзімі — 19 жылға дейін.