Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған.
Бетперделі жігіттің қайырымы түскен жан – 44 жастағы Жамал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның қызы онкологиялық аурудың 4-сатысымен күресіп жатыр, ал отбасының өз баспанасы жоқ.
– Қызыма Түркияда шұғыл ота жасау керек. Оның құны – 18 миллион теңге. Біздің баспанамыз жоқ. Мен шиномонтажда жұмыс істеймін, осы жерде тұрамыз. Менің дәл қазіргі мақсатым – қызымның жағдайын жақсарту, емдеу. Мен қызымсыз өмір сүре алмаймын, – дейді көзіне жас алған Жамал видеода.
"Маскалы" жігіт ол отбасыға үй сыйлап, қызының еміне кететін барлық шығынды өз мойнына алынған.
Жаза кетейік, қайырымды жігіт мамыр айының өзінде екі отбасыға баспана сыйлады. Бұған дейін ол сәуірдің соңында жас қыздың еміне 40 млн теңге беріп, үйдің кілтін табыстаған еді.
Одан кейін бірнеше дерті бар курьерді балаша қуантты.