Бұл туралы Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды .

АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына қайтадан ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы үшін қолдаған шетелдік көшбасшылардың тізімін жариялады.

Трамптың кандидатурасынӘзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.

Бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен сіңірген еңбегін мойындауды ұсынған болатын. Хун Манет Трампқа Камбоджа-Таиланд жанжалына араша болғаны үшін алғыс айтып, оның бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан тарихи үлесін атап өтті.