Вашингтондағы Ақ үйдің жанында атыс болды. Содан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеп.

АҚШ президенті Дональд Трамп атыс салдарынан зардап шеккен жоқ.

— Ақ үй маңында атыс дауысы естілді. Қазіргі уақытта екі адамның оқ жарақатын алғаны белгілі — олардың бірі күдікті, ал екіншісі кездейсоқ өтіп бара жатқан адам болуы мүмкін. Оқиға 17-көше мен Пенсильвания авенюінің қиылысында болған. Президент қауіпсіз жерде, — деп жазды PBS тілшісі Лиз Лендерз X әлеуметтік желісінде.