Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Астанада ұлттық шорт-трек құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында бас бапкер Пётр Гамидов құраманың олимпиадалық маусымға арналған өзекті жұмыс жоспарын таныстырды.

Спортшылармен кездескен ҰОК президенті Геннадий Головкин спортшыларды жігерлендірді.

"Қазір мынада барын салып жаттықсаңдар, ертең сендерде қорқыныш болмайды. Алаңға шығып өзіңе тиістіні аласын. Қазір қолдарыңнан не келетінін көрсететін тамаша мүмкіндік! Қазір сендердің уақыттарың!", — деді Головкин.

Шорт-тректегі олимпиадалық жолдамалар төмендегі төрт кезеңнен тұратын Әлемдік турда сарапқа салынады:

  • 9–12 қазан – Монреаль, Канада
  • 16–19 қазан – Монреаль, Канада
  • 20–23 қараша – Гданьск, Польша
  • 27–30 қараша – Дордрехт, Нидерланд

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)