10 тамызда Израиль армиясы Газадағы "Аш-Шифа" ауруханасының жанындағы журналистер отырған шатырды бомбалаған .

БҰҰ Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссиясының басқармасы Израильдің әрекеттерін айыптап, оның салдарынан Газада палестиналық журналистер, соның ішінде Al Jazeera телеарнасының екі тілшісі қаза тапқаны хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз журналистер шатырына шабуыл нәтижесінде алты палестиналық журналистің қаза табуын айыптаймыз, бұл халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының ауыр бұзылуы", – деп атап көрсетілген X әлеуметтік желісіндегі жарияланымда.

Басқарма Израиль барлық бейбіт тұрғындарды, соның ішінде журналистерді құрметтеп, қорғауға міндетті екенін баса айтты.

"2023 жылдың 7 қазанынан бері Газада кемінде 242 палестиналық журналист қаза тапты. Біз барлық БАҚ өкілдеріне Газада қауіпсіз және кедергісіз жұмыс істеу мүмкіндігін дереу қамтамасыз етуді талап етеміз", – делінген хабарламада.

Соның салдарынан алты адам, оның ішінде Al Jazeera тілшілері Энес эш-Шериф пен Мұхаммед Қурайка қаза болды.