Отандық бизнестің ұлттық рейтингісі іске қосылуы мүмкін. Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов мемлекет басшысының қабылдауында болып, осындай ұсыныс жеткізді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы қолдады. Кездесуде ұйым қызметі қаралды. Мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды. Экономиканы ырықтандыру, мемлекеттің бизнеске араласуын азайту, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне баса мән берілді. Оған қоса салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.