Ауыр жарақат алған жұмысшы ауруханаға жеткізілді .
2 тамызда "Богатырь Көмір" ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады", – деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.