24 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, түнде кей уақытта 28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 18-23 м/с. Қонаев қ.: 24 мамырда түнде кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 18-23 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.