" Шығармашылық және спорт" үйірмелеріне жүргізілетін зерделеу жұмысы бойынша мониторинг тобының мүшесі мен сыбайласы сотталды.

Мониторинг тобының мүшесіне қылмыстық кодекстің "алаяқтық" және "қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру" бабы бойынша іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотталушы Damubala платформасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тексеріс жүргізіп, 13 адамның 88 млн теңгеден аса қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып иемденген.

Сот үкімімен мониторингтік топ мүшесіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды.

Ал оған осы істе көмектескен кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.