Мұны ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
Америка президенті Камбоджа мен Таиландтың басшылығымен сөйлескенін, жуық арада қақтығыстың тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, ол қос елдің келіссөздерге дайын екенін мәлімдеп отыр.
– Екі тарап та дереу атысты тоқтатуды қалайды. Сондай-ақ, олар АҚШ-пен сауда келіссөздеріне қайта оралғысы келеді, біз "шайқас тоқтамайынша, бұл мүмкін емес" деп санаймыз. Қос ел жақын арада кездесіп, атысты тоқтату және ақырында бейбітшілік орнату туралы келіссөздер жүргізуге келісті. Екеуі келіскен кезде ғана екі елмен сауда қатынастарын жалғастырамын! – деп нақтылады ол.
Бірақ, Таиланд президенті Камбоджаға талап қойған.
– Мен президент Трамппен сөйлестім, ол Таиланд пен Камбоджадан дереу атысты тоқтатуды талап етті. Мен оған алаңдаушылық білдіргені үшін алғыс айттым және Таиланд атысты тоқтатуға келісетінін атап өттім. Дегенмен, Таиланд Камбоджа тарапынан шынайы ниетті көргісі келеді, – деді ол.
Камбоджа мен Таиланд арасындағы шекаралық қақтығыстан соң Малайзия да оларды татуластыруға кірісіп, келіссөздер ұсынып жатыр. Кей деректерде елдердің бұл келісімшартты да қабыл алғаны айтылады.
Негізінен, Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Таиланд пен Камбоджаны 800 шақырымдық шекара бөліп жатыр. Соңғы 10 жылдықта қос ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті.
Бұған дейін "Әлемде тағы бір соғыс оты тұтанды" деген тақырыпта мақала жариялаған едік.