26 шілдеде Венгрияның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 41,3°C-қа жетіп, соңғы 100 жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді

26 шілдеде Венгрияның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 41,3°C-қа жетіп, соңғы 100 жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

26 шілдеде Венгрияның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 41,3°C-қа жетіп, соңғы 100 жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Időkép.

Жаңа рекорд 1921 жылы Шереп елді мекенінде тіркелген 40,4°C көрсеткішінен 0,9 градусқа жоғары. Бұл – Венгрияда метеобақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіштен небәрі 0,6 градусқа ғана төмен.

Шілде айының соңында Еуропаның көптеген өңірін жыл басынан бері үшінші мәрте экстремалды аптап ыстық жайлады. Италия, Грекия, Түркия, Балқан түбегі мен Кипрде ауа температурасы 40 градустан асып кетті.

Айта кетейік, Венгрияда заң бойынша тек екі жынысты мойындау мақұлданды.