Ұлыбританияда ыстықтан рекорд орнады .
Сынап бағанасы Уэльсте 33, Шотландияда 32, Солтүстік Ирландияда 30 градусқа жеткен. Билік жоғары температура тұрғындар, әсіресе қарт адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін деп ескертті. Сондай-ақ орманда от тұтану қатері көбейді. Су тапшылыққа айналып, қымбатшылық басталуы мүмкін. Тұрғындарға үйден беталды шықпауға, көбірек су ішуге кеңес берілді.