Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.