Танымал журналист Жанар Байсеміз өзінің YouTube арнасынан психолог Құралай ханыммен сұхбатын өшіргенін мәлімдеді. Жанар Байсеміз желіде жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Анау күнә, мынау күнә деп жазатындар зб. Күнә деген не? Күнә деген зиян деген сөз. Егер маған қандай да бір нәрсе зиянын тигізіп жатса, мен ол нәрсемен айналыспаймын.

Күнә деген сөздің мағынасын біліп алыңыздар. Күнә — зиян деген сөз. Құдай бір нәрсе күнә десе, яғни ол нәрсе саған зиян деп түсін. Ол үшін сені Құдай жазаламайды. Құдай тиран немесе маньяк емес.

Өзіңе өзің зиян келтіріп, соның зардабын осы дүниеде тартасың. Қияметті қоя тұрып, осы дүниедегі тіршілігімізді түзеп алайық», — деп ашынды журналист.