Танымал блогер, актриса Мөлдір Анарбаева қоластындағы қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін табыстаған Тұрсын Алагөзовті мақтады.

Ол еліміздің бай-бағландарына Меккеге жолдама бергенше, қазақты үйлі етуге шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогер қазақтың бай-бағландарын осылай сауап жинауға шақырды.

«Тұрсын Алагөзовтың бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыщ жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, «Ойбай мен пәтер беремін» демей-ақ, жайлап барып, шақырып алып, «мәңдер» деп бере салды. Міне нағыз жігіт!

Құдай-ау, жүз бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін! Сол арқылы рахат тапқан оны айт, PR да жасамай, басқа да жасамай.

Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі.

Адамның ең кереметі ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлмей, адам ретінде қарап, құрмет көрсетуі — адамның ең кереметі. Ол қараған жоқ, по жуғыш па, неше жылдан бері водитель ме? Оның ұлты орыс па, қазақ па? Діні қандай? Тілі қандай? Ол тек қана жақсылық жасады, жарайсың!», — деді блогер.