Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қазіргі таңда маңғыстаулықтардың жағдайы туралы, мұнай туралы айтты

Бұл туралы ол Ulysmedia.kz порталына берен сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мұнаса бітпесе де, болашақта мұнай керек болмай қалатын заман келетін сияқты. Себебі — қазір технология дамып жатыр. Жаңа энергия көздеріне өтіп жатыр, электрмобильдер шығып жатыр. Мысалы, Араб мемлекеттері, Оңтүстік Корея, Қытай көлікті дрондарды шығарып жатыр. Болашақта сондайға өтетін сияқтымыз. Мұнай әрине керек болады, бірақ болашақта керек болмай қалатын заман келетін сияқты. Тіпті жердің астында мұнай толып жатса да”, — деді әкім.