11 шілдеде Сингапурда су спортынан кезекті жаһандық дода басталды.

Бұл бәсекеде ең көп 42 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын жүзуден Қазақстан атынан 6 спортшы жүлдеге талас жүргізбек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаһандық додаға тек арнайы нормативтерді орындаған жүзушілер ғана жолдама алды.

Әділбек Мусин (50 метр баттерфляй)

Ксения Игнатова (100 метрге шалқалай жүзу)

Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу)

Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)

Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу)

Глеб Коваленя (50 метрге шалқалай жүзу)

Спортшыларымыз жарыс жолына 27 шілдеде шығады.