Бұл ақпаратты Бас прокуратура таратты.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы жүйелі түрде құмар ойнағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

"1XBET" және "OLIMPBET" букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан, – деп хабарлады бас прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.