Жарыстың жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияда өтіп жатқан ITF турнирін сәтті бастады.
Сейшал қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің бірінші кезеңінде Дияс Анкита Райнаны 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу небәрі 1 сағат 8 минутқа созылды және матч барысында қазақстандық теннисші ойынды толық бақылауда ұстады.
Кездесу хард төсенішті кортта өтті. Зарина өте жоғары деңгейдегі дайындық көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші Италия өкілі Валентина Лоскияле мен Жапония өкілі Мэй Ямагучи арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.