Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева мен сазгер Ұлықпан Жолдасовтың әзілі жұртты күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші сазгердің ешқашан қартаймайтынын айтып қалжыңдады.

“Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек қана терлейді", – деді актриса.

Сазгер әріптесінің сөзін әзілмен қабылдады. Желі қолданушылары әртістің қалжыңына үн қосып жатыр.

"Осы кісілер қартаймасын", "Арықтамайды, семірмейді де", "Сіз де мүлдем өзгермепсіз", "Айгүл де катырады екен", “Ұлықпан – қазақ әншілерін шығарып, елге танытқан”, “Аман жүрсін жақсы жандар”, – деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????????? ???????????????????????????????????????? (@aigul_imanbayeva)