Журналист, документалды фильмдер авторы Әлия Әшім ұлы Абай мен Ділдә туралы айтқан әзілін еске алып көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында айтты.
«Басында мен түсінген жоқпын. Өйткені, мен Facebook желісінде отырмаймын. Басында түсінбей, жұмыстарымды бітіріп Астанаға келгесін барып түсіне бастадым. Дәл осы жағдайда мен әкеме жақындай түстім. Ол маған өте үлкен сабақ болды. Әкем инстаграмды білмейді, Facebook желісінде отырады. «Facebook-та сен туралы жазған әр адамның жекесіне шығып отырмын. Егерде тағы да артық сөз айтсаңыздар сіздерді сотқа беремін. Далада жатқан қыз жоқ, аузым менікі деп сөйлей беруге болмайды» деп айттым дейді. Бұл оқиға маған керек болды деп ойлаймын», — деді блогер.
Естеріңізге салсақ, блогер Әлия Әшім тарихи сапарлардың бірінде ол Абай мен оның жары Ділдәнің тұрған үйін көрсете жүріп, видео барысында: «Абай мен Ділдә неткен бөлме» – деп әзілдеп айтқан еді.. Бұл сәт әлеуметтік желіде тарап, көпшілік оқырманның ашуына тиген еді.