8 қараша күні "Атырау – Алматы" бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде бір жолаушы қол жүгінде жарылғыш зат барын айтып, дабыл көтерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әуежай қызметкерлері дереу жолаушыларды эвакуациялап, аумақты қоршауға алды. Барлық рейстер уақытша тоқтатылды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар және құқық қорғау қызметкерлері келіп, қауіпсіздік тексерісін жүргізді.

Тексеру нәтижесінде ер адамның сөзі шындыққа жанаспай, оның әзіл ретінде айтқаны анықталды.

Көліктегі полиция департаменті бұл дерек бойынша "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама" бабымен қылмыстық іс қозғады.