Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлады .

Көкшетау қаласында "Qnet" қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 26 және 24 жастағы азаматтар 5 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы соңғы үш жылда Ақмола облысында қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілеріне байланысты 10 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде "Charoit", "Qnet", "Асар баспана", "Chai Tai", "S-Group", "Лайм Академия", "ChiaTai Tianging", "Buyers Union" тәрізді топтар бар. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген тағы тоғыз тұрғынға түрлі қылмыстық жазаға тартылды.

Олар парақшасын белсенді түрде жүргізіп, жаңа қатысушыларды тарту үшін қымбат көліктер мен үлкен табыстарды көрсеткен. Одан бөлек желілік маркетинг схемаларын қолданып, азаматтарды "QVI tripsaver" атты жалған туристік карталар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға шақырып, жоғары табыс уәде еткен.

Нәтижесінде, сотталғандар 39 адамды қаржы пирамидасына тартқан, келтірілген шығын 40 млн теңгені құрады.