Отандық "Бір болайық" бағдарламасы тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы студияға келген Малика есімді жас қыз артық салмағына бола буллингке ұшырап, көз жасына ерік берді.

Бағдарлама қатысушылары жас қыздың сырт келбетіне қатысты орынсыз әрі ауыр пікірлер айтып, көрерменнің ашуына тиді:

“Еркекке ұнау үшін арықтау керек”, “Сіз айнаға қарайсыз ба?!”, “Үміткердің талап-тілегін түсінбегенсіз”, “Артық майыңыз көзге көрініп тұр”, “Арықтасаңыз, өзіңізді табасыз…”, — деп кемсіткен.

Мұндай қорлаулар эфир барысында ашық айтылып, қатысушының психологиялық жағдайына кері әсер етті.

Threads әлеуметтік желісінде құқық қорғаушы Гауһар Әукен бұл жағдайды заң тұрғысынан бағалап, бағдарлама ұжымына шара қолдану қажеттігін айтты:

“Бұл – ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қорлау. Егер қыз осындай сөздерден кейін өзіне қол жұмсаса, кім жауап береді?! Бағдарламаны жабу керек. Баршаңызды қолдауға шақырамын!”, - деді ол.

Көпшілік бұл эфирдің мазмұнын "буллингті насихаттау" және "әйелдерге қысым көрсету" деп бағалап, ашық қарсылық білдірді:

“Бағдарламаның әр шығарылымы — кемсіту алаңы”, “Мұндай шоу әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың жарнамасы”, “Жігіттер де үнсіз қалды — ұят!”, “Қыздың көз жасы – ойын емес!”, “Медиа реттеуші орган назарға алсын!”, “Редакция қайда қарап отыр?!”, — деп жазды.

Желі қолданушылары Mаликаны қолдап, психологиялық қолдау білдіріп жатыр.

@qazreality Малика????❤️ @Mmalikushka --------- #qazreality #qoslike #1bolayiq #кослайк #бірболайық #қалаулым #калаулым #реалитишоу #қослайк #sezimbagy #сезімбағы ♬ оригинальный звук — qazreality-Kazakh Tv Shows