Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Былғары қолғап шебері алғашқы кездесуінде Жапония өкілі Аяка Тагучимен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Виктория Графеева келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Әнел Сақыш (54 келіге дейін) келесі кезеңге өткен болатын.