Олар 6 жыл бұрынғы ұшақ апатынан соң екі Fokker-100 ұшағын сатылымға қойған болатын.

Десе де, аукцион сауда басталмай тұрып тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Өйткені, сауда бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс еді.

Осыған дейін Bek Air сауда-саттықтың электронды алаңында екі Fokker-100 ұшағын сатылымға шығарды.

Лоттың бастапқы бағасы – 104,4 миллион теңге, тиісінше ең төменгі баға 67,9 миллион теңгемен тоқтаған.

Ұшақтардың кедендік берешекке байланысты шектеуі де жоқ емес.

Әуе компаниясы аталған екі ұшақтың 2019 жылдың желтоқсан айынан бері пайдаланылмағанын және оларға техникалық қызмет көрсетілмегенін айтты.

Ұшақтарды қалпына келтіру оңайға соқпайтыны тағы белгілі. Оған қосымша қаржы да керек. Яғни, болжам бойынша бір Fokker-100 ұшағын қалпына келтіруге 2-2,6 миллион АҚШ доллары жұмсалады.

Айталық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Астана қаласына бағыт алған Bek Air компаниясының ұшағы радардан жоғалды. Соңында 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырады.

Оқыс оқиғадан 12 адам тіл тартпай кетті. Қаралы жағдайдан соң Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылған болатын.