Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолындағы реформалардың маңыздылығына тоқталып, қоғам сеніп отырған сот қызметіне тән жоғары жауапкершілікке тоқталды.

Сіздер мемлекетіміздің заңнамалық базасын қалыптастыратын және адам тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдап, әділеттілікті жүзеге асыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайсыздар. Сіздердің парасаттылықтарыңыз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз құқықтық тәртіп пен сотқа деген сенімнің негізі болып табылады, — деді Жоғарғы сот төрағасы.

Асламбек Мерғалиев әріптестерінің заң үстемдігін қамтамасыз ету міндетін абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, олардың біліктіліктерін ұдайы арттырып, принципті және Заңға адал болуларына сенімін білдірді.

Жиында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ведомство қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, олардың кәсіби біліктілігін және сот ісін жүргізуге жағдай жасауға қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шара соңында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды.