Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал күрт өршуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған сапарларын қайта қарауды ұсынды.

"Қазіргі жағдай мен ықтимал қауіпке жан-жақты баға беріліп, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстер тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне әкеп соқты", — деп жазылған хабарламада.

СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе, Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес берді:

  • сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
  • адам көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
  • қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
  • брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
  • жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

Елшілік нөмірлері

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі: +97450649955, +97470910579, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.): +97124498778, +971503629805, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы: +971556103341, +971505701978, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі: +7 (7172) 72 05 00

"Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget