Ел тарихында алғаш рет тіркелген бесемдер ауруханада бес ай бойы бақылауда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлағандай, Пхеньян қаласының тұрғыны Пак Кён Сим бірден бірнеше баланы күтіп жүргенін білген соң босану үйіне жіберілген.

Пак ерекше медициналық көмек алған және 31 қаңтарда бес баланы дүниеге әкелген — екі ұл және үш қыз. Бұл ел тарихындағы алғаш рет ресми тіркелген бесемдердің дүниеге келуі.

Хабарламада бес ай бойы бақылауда болған нәрестелердің сәтті шығарылып, үйлеріне жіберілгені айтылған.