Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты іс-шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз.
Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.