Павлодар облысындағы «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері «Брама», «Джерсий гиганты» және «Кучинск мерейтойлық» тұқымындағы 30-дан астам үй құсын өсіріп шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұмыртқаны салу сәтінен бастап эмбрионның қалыптасуына дейінгі инкубация үдерісінің барлық кезеңдері студенттердің толық бақылауында және ғылыми бақылаулармен сүйемелденеді. Бұл практикалық оқыту кәсіпкерлік көзқарасқа негізделіп, студенттерге оқу барысында өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік бермек.
Аграрлық технологияларды игеру басқа бағыттарда да жалғасуда. Жуырда болашақ ветеринарлар еліміздегі ең өнімді етті ірі қара тұқымдарының бірі саналатын қазақтың ақбас сиырын қолдан ұрықтандыру жұмысын сәтті жүзеге асырды.
Мұндай практикаға негізделген сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттерін арттырып, өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді, — деді колледж директоры Айгүл Байжұманова.