Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.

Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістаннан басым түсті. Қорытынды есеп 155-153.

Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.