Денсаулық сақтау қызметіне жан басына шаққандағы шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды – 2,4 мың теңге, инфляцияны ескермегенде жылдық +26%, инфляцияны ескергенде жылдық +11,8% өскен.

Биыл I тоқсанның қорытындылары бойынша, халықтың денсаулық сақтауға жұмсаған ақшасы инфляцияны ескермегенде жылдық 28,3% жан басына шаққанда 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгегеге дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жалпы номиналды ақшалай шығынның жылдық өсімінен үш есе дерлік көп, сондай-ақ екі жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ал инфляцияны ескергенде 14,9% көбейген делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Бұл ретте денсаулық сақтау қызметтеріне шығынның ең жылдам өскен бабы стационарлық қызметтер (күндізгі стационарда емдеу және санаториялық-курорттық қызметтерді қоса алғанда) болды 54,1% өсім, ал нақты өсім – 39,8%. Жан басына шаққанда орташа есеппен 946 теңге.

Бұл ретте маман дәрігерлердің қызметтері мен дәрігердің алғашқы қабылдауын қамтитын медициналық қызметтердің жан басына шаққандағы шығыны бір жылда инфляцияны ескермегенде 5,7% өсті, ал инфляцияны ескергерде 5,1% төмендеді. Қазіргі деңгей – 559 теңге.

Бірақ жан басына шаққандағы орта медициналық қызметтерге (медициналық зертханалардың, рентген кабинеттерінің, медбикелер мен акушерлердің қызметтері) шығын номиналды (+27,6%) және нақты (+11,2%) мәнде – 568 теңгеге дейін өсті.

Бір қызығы, ресми статистика азаматтардың денсаулық сақтауға жұмсаған бейресми шығындары да (гүлдер, сыйлықтар сатып алу және т.б.) бар – орташа жан басына шаққанда 121 теңге, атаулы өсім жылдық 39,1% құрады.

Жалпы түсіну үшін I тоқсанның қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы бағаның өсуі ескермегенде 10,1% өсіп, 350,4 мың теңгеге жеткен.