Белгілі әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастап, ақша жинап алмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек», – деп қалжыңдады Қоянбаев.
Бұл әзіл желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.
«Мен арнайы тізім жүргіземін – кім ақша берді, кім бермеді, бәрін есептеп отырамын», «Кеттік, мен 1 миллион қосамын», «1380 теңге деген баға қайдан шықты екен?», «Нұреке, сіз сол аралды алып қойып, жәймен ғана іске кірісіп жатқан сияқтысыз ғой», – деп пікір қалдырды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Nurlan Koyanbayev ???????? (@koyanbayevnurlan)