Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чехиялық теннисші Катерина Синяковадан 6:4, 7:6(5) есебімен басым түсті.
Отандық спортшы ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.