Ол келесі жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсыруы тиіс.

Қаржы министрі Мәди Такиев әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші министрден "Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы тікелей трансляцияда көрсетілді. Мұндай жағдайда салықтық міндеттемелер туындайтыны белгілі. Дәл осы кейс бойынша салық төлеу қалай реттеледі? Қанша салық төлеуі тиіс?" деп сұрады.

"2025 жыл аяқталған соң, 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсыруы қажет. 2025 жылы алынған кірістері бойынша салық төленеді. Ол кісінің 2025 жылы нақты қанша табатынын білмеймін", – деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.