Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес үшін "Контрагенттер туралы мәліметтер" сервис әзірледі.
Контрагент – кәсіпкердің серіктесі немесе сауда қатынасындағы қарсы тарап, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бұл сервис ашық өзекті деректерді алуға және өз контрагентін: салықтық режимі, ҚҚС бойынша тіркеу есебі, төленген салықтар көлемі, қызметкерлер саны, салықтық жүктеме коэффициенті, компанияның басшысы мен құрылтайшылары туралы мәліметтер, сондай-ақ ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы және т.б. мәліметтер негізінде бағалауға мүмкіндік береді", – деп жазылған комитет сайтында.
Яғни кәсіпкер өз серіктесінің қаншалықты салық төлейтінін, ҚҚС-ны қалай төлейтінін, бизнесіндегі қызметкерлері мен құрылтайшылары туралы барлық ақпаратты онлайн сервистен тексере алады. Ол үшін мемлекеттік кірістер комитетінің порталына кіріп https://portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізу керек.
Сондай-ақ, МКК бұл сервисті салық төлеушілердің ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, үнемі жақсартылып, жетілдірілетінін атап өтті.