Бұл туралы 16 маусым, дүйсенбі күні Ресей туроператорлар қауымдастығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Франция теңіз аймақтарына кіруді шектеді
Франция 16 маусымда Ресей мен Беларусь азаматтарының өзінің теңіз аумақтарына бару тәртібін өзгерткенін мәлімдеді. Бұған дейін Францияның C санатындағы көп мәртелі визасы жеткілікті болса, енді DFA атты арнайы виза талап етіледі. Шектеу келесі аумақтарға қатысты:
-
Француз Полинезиясы
-
Жаңа Каледония
-
Уоллис пен Футуна
-
Гваделупа
-
Мартиника
-
Сен-Мартен
-
Сен-Бартелеми
-
Реюньон
-
Майотта
-
Француз Гвианасы
-
Сен-Пьер мен Микелон
Жаңа тәртіп ұзақ мерзімді D санатындағы француз визасы барларға және Шенген немесе Еуропалық экономикалық аймақ елдерінде тұруға рұқсаты бар тұлғаларға қолданылмайды.
Испания транзиттік визаны енгізеді
2024 жылдың 12 шілдесінен бастап Испания халықаралық әуежайларында ауысып мінетін ресейлік жолаушылардан TAP санатындағы транзиттік виза талап ететін болады. Бұл талап ЕО елдерінде тұратын немесе жарамды Шенген визасы бар азаматтарға жүрмейді.
Испания бұл қадамға дейін Чехия (2022 ж.) мен Ұлыбритания (2023 ж.) секілді елдердің үлгісін қайталап отыр. Сонымен қатар, Франция да белгілі бір бағыттардан транзитпен ұшатын ресейліктерге виза рәсімдеуді міндеттейді. Атап айтқанда, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Мысыр, Молдова, Түркия немесе Украинадан ұшатын азаматтар үшін.
Норвегия толық тыйым енгізді
Айта кетейік, 2024 жылдың мамырында Норвегия Ресей азаматтарына турист ретінде кіруге және транзитпен өтуге толық тыйым салған болатын.
Бұл шектеулер Еуропадағы елдердің Ресейге қатысты визалық саясатты біртіндеп қатаңдатып жатқанын көрсетеді.