Әуе кемесінде техникалық ақау болған.


Испания премьер-министрі Педро Санчес мінген ұшақ Ереван қаласына бара жатқан жолда Анкарада шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Испания премьер-министрі Педро Санчес мінген, Мадридтен Ереванға бағыт алған ұшақ техникалық ақауға байланысты Анкарада шұғыл қонуға мәжбүр болды", – деп хабарлады Арменияның қоғамдық телеарнасы.

Педро Санчес Еуропалық саяси қоғамдастықтың 8-саммитіне қатысу үшін Армения астанасына ұшып бара жатқан.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, түн ішінде Испания премьер-министрінің ұшағындағы техникалық ақау жойылған. Лайнер бүгін Анкарадағы Есенбоға әуежайынан ұшып шықты.

Педро Санчес Анкарада қонып, таңертең қонақүйден дипломаттар мен үкіметтік күзетпен бірге шыққан.