Boxrec .com сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңартылған тізімде бұған дейін бірінші орында тұрған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орынға түсіп қалды. Оның орнына кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) дивизионның көшбасшысы атанды.
Үшінші орынды британиялық Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 KO) иеленсе, төртінші сатыда Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) орналасқан.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Ал қалған чемпиондарға келсек, Эрисланди Лара – WBA, Карлос Адамес – WBC, ал Крис Юбэнк – IBO белбеуінің иегері.