Таулы аймақтағы жер телімдері жекеменшікке заңсыз берілген.

Алматы қаласының прокуратурасының күш салуымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Международная ассоциация клубов" ЖШС-не заңсыз түрде жекеменшікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды", — делінген ведомство хабарламасында.

Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс.

2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.