"Қазгидромет" РМК бүгін, 6 маусымда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша бұршақ, жаңбыр, найзағай және қатты ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай облысының оңтүстігінде 36°С аптап ыстық сақталады. Өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз 35–38°С қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысында найзағай, жел және төтенше өрт қаупі болжанады.
Атырау облысында найзағай, жел және өңірдің оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай және жел болжануда.
Жамбыл облысында күндіз 42°С аптап ыстық, жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр және жел болады.
Қарағанды облысында 35–36°С қатты ыстық, жел және өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында найзағай, бұршақ, тұман және жел болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысында найзағай болжанады, өңірде төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында найзағай және өрт қаупі болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ, найзағай, тұман және жел соғады.
Түркістан облысында найзағай, шаңды дауыл және жел болжанып отыр.
Ұлытау облысында найзағай, 35–38°С аптап ыстық және жел болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар кезінде жедел қызметтерге жүгінуге кеңес береді.