Бүгін елдің бірқатар өңірінде күн райы құбылмалы болады.
Солтүстікте және елдің орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Павлодар облысында қар жауып, түнде көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Бүгін таңғы жетіден республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды. Оңтүстікт өңірлерде жел күшейіп, кейбір аудандарда 3 градуска дейін күн суытады. Батыста тұман түседі. Қазір Астанада күн бұлтты. Күндіз 3 градусқа дейін жылы болады.