Ертең еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы.
Қазгидромет болжамына сәйкес, біраз жерде қар аралас жаңбыр жауады. Бірқатар өңірде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстікте, орталықта және оңтүстікте жел екпіні күшейеді. Астанада қар жауады. Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысы қазірдің өзінде уақытша шектелді. Әсіресе жүк көліктері мен қалааралық автобустар үшін жол жабық. Сондай-ақ Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті шаһар тұрғындары мен қонақтарын таулы аймақтарға барудан бас тартуға шақырды.