Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркияда білім алып жүрген студенттің Қазақстан аумағында әскери қызметкерлер тарапынан көшеден ұсталып, әскери комиссариатқа жеткізілуі бойынша туындаған жағдай өз шешімін тапты.
Журналистердің:
– "Шетелде оқып жүрген студент әскерге алына ма?" – деген сұрағына Сұлтан Қамалетдинов келесідей жауап берді:
– Иә, мұндай жағдай тіркелді. Түркияда оқитын студент демалысқа келген кезде оны әскери комиссариатқа жеткізген. Алайда бұл мәселе шешілді. Қазір ол жас азамат босатылып, өзінің жеке істерімен айналысып жүр, – деді вице-министр.