Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Судья Жанұзақов Шерзат Болатқа қатысты үкім шығарғаннан кейін төрт куәгердің әрекеттерінде қылмыс белгілері болуы мүмкін екеніне назар аударды. Бұл – Қазыкенов, Рузбакиев, Жақсыгелді және Нұрбекова есімді азаматтарға қатысты.
Осыған байланысты сот жеке қаулы шығарып, аталған тұлғалардың әрекеттерін Алматы облыстық прокуратурасы тексеретін болды.
Бұған дейін, Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталғанын жазған едік.