Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланып, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, олардың бірі — әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті.
Оқи отырыңыз:
- Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды
- Күдіктілер Шерзат Болаттың әр туысына 20 млн теңгеден береді
Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылатын болады. Жазаның бұлтартпау қағидаты — құқықтық мемлекеттің берік негізі, — делінген мәліметте.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сай объективті жүргізілді. Тергеудің барысы және қатысушылардың құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған.