Қоғамда үлкен резонанс тудырып, екі айдан аса тергелген 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот процесінің үкімі бүгін 16:00-де оқылады.
Осыған дейін прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат өліміне күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейінгі жаза сұраған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал оны алдында сот Ержан Жанұзақов күдіктілерге тағылған айыпты айтып өткен болатын.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырыстары бастан-аяқ Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Сот процесі тікелей эфирде таратылды.
Осыған дейін Шерзат ісінде барлық күдіктіге кісі өлтіру бабы бойынша айып тағудан бас тарту ұсынылса, айыпталушылардан қанша миллион теңге моральдық өтемақы талап етілгені де белгілі болған еді.
Күдіктілерге прокурорлардың ең ауыр жаза тағайындауын сұрауы қоғамда көп талқыланды. Қылмыстық істе сотталушылардың ешқайсысы Шерзат Полатқа пышақ сұққанын мойындамады.