2026 жылдың 25 мамырынан бастап жүргізуші куәліктерінде емтиханның қандай беріліс қорабымен тапсырылғаны көрсетілмейді.
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алған азаматтар механикалық та, автоматты қорабы бар көліктерді де басқара алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін жүргізуші куәлігінің "Ерекше белгілер" бөлімінде емтиханның қандай трансмиссиямен тапсырылғаны жазылатын. Автоматты беріліс қорабымен сынақ тапсырған жүргізушілерге механикалық қорабы бар көлікті жүргізуге рұқсат берілмейтін.
Жаңа өзгеріске сәйкес бұл шектеу алынып тасталады. Алайда қазіргі жүргізуші куәлігінде мұндай белгісі бар азаматтар үшін ереже құжат мерзімі аяқталып, куәлік ауыстырылғанға дейін күшінде қалады.